Ақмола облысында теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты

Ақмола облысында теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты

Ақмола облысының Шортанды кентінде теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты.

  • 15 Маусым 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Зардап шеккен оқушы 2002 жылы туған Регина Бигаринова, Шортандыдағы №2 орта мектептің оқушысы. Денесінің 82 пайызын күйік шалған қызды теміржол жұмысшысы А.Шустов маусымның 13-күні кешкі сағат 21:30 минут шамасында көріп қалған. Теміржолшының шақыртуымен келген жедел жәрдем қызметі зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Шортанды аудандық ауруханасына алып кетті», — деп көрсетілген хабарламада.