Ақмола облысында үйір жылқыны қырып салған белгілі кәсіпкер болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында үйір жылқыны қырып салған белгілі кәсіпкер болып шықты

Ақмола облысында үйір жылқыны қырып салған белгілі кәсіпкер болып шықты

Ақмола облысында өрісте жайылып жүрген үйір жылқыны қырып салған азамат ұсталды. Ол Зеренді ауданындағы «АгроКZ» серіктестігінің директоры Алмас Бөбенеев екен. 38 жастағы кәсіпкер малдың күзден қалған арпаны күйсеп бітіргеніне ашуланып, мылтықпен оқ жаудырған.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 178
Фото - Caravan.kz

Ланд Крузеріне таң ата қару артып, өріске келген Бөбенеев 6 жылқыны жайратып, қансыраған күйі қалдырып кеткен. Төртеуін малшылар бауыздап үлгерді. Ал аяғынан жараланған екеуі ақсаңдап жүр. Жылқышылардың күдігі бойынша ұсталған кәсіпкердің қымбат көлігінен аңшы мылтығы тәркіленді. Серіктестік басшысы күзде орылмай қалған арпаны сақтап қалу үшін оқ атуға мәжбүр болдым деп ақталуда. Тіпті жануарлармен жаз бойы алысқанын айтып, тіпті иелеріне айыппұл да салмақ болыпты. Дегенмен қазір қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Кәсіпкер енді қомақты айыппұл төлейді немесе 2 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар