Ақмола облысындағы курорт аймақтарына 10 блокпост қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысындағы курорт аймақтарына 10 блокпост қойылады

Ақмола облысындағы курорт аймақтарына 10 блокпост қойылады

Ақмола облысындағы демалыс аймақтарының кіреберісіне 10 блокпост орнатылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады.

  • 21 Шiлде 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұрын хабарланғандай, көлдер жанындағы демалыс орындарына адамдардың көп жиналуына, коронавирус жұқтырудың жиілеп кетуіне және демалушылар арасында азаматтық жауапкершіліктің төмендігіне байланысты 24 шілдеде сағат 00.00-ден бастап Ақмола облысының курорт аймақтары туристер үшін жабылады.

Бурабай мен Зеренді елордаға жақын орналасқан санаторлық-курорттық орындар ретінде демалушыларды локдаун аяқталғанша қабылдамайды.

Бұдан басқа, елорда маңындағы Аршалы, Целиноград, Шортанды, Ақкөл және Ерейментау аудандарының су қоймаларында да демалуға болмайды.

«Қонақүйлердегі жалдамалы жағажай, хауыз, бассейн қызметіне тыйым салынады. Су қоймаларының жағасында орналасқан ойын-сауық және сауда орындары, қайық стансаларының қызметі тоқтатылады. Қонақүй иелеріне брондау үшін өтінім қабылдауға тыйым салынған. Осы шаралардың барлығы инфекция жұқтыру өсімін төмендетуге бағытталған. Бұл жағдайға түсіністікпен қарап, демалыс аймақтарына сапар жасауға, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұраймыз», — деп атап өтті облыстық COVID–19 баспасөз орталығынан.

Еске сала кетсек, туризм басқармасы, аудан және ауыл әкімдіктері, полиция және басқа да мүдделі орган қызметкерлері құрамына кірген мобильді мониторинг топтары Бурабай, Зеренді және Ерейментау аудандарының көлдерінде облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтау бойынша рейд, тәртіп бұзушыларды әкімшілік жазаға тарту жұмысын күн сайын өткізіп отыр. Биыл жазда талапты орындағаман азаматтарға 500-ге жуық айыппұл салынған.


Еске сала кетсек, Ерейментау ауданындағы туристер жиі баратын қызғылт түсті Көбейтұз көліне баруға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар