Жарияланды: 140

Ақмолада ақыл-есі кем қыз елді теракт жасауға шақырған

Ақмолада ақыл-есі кем қыз елді теракт жасауға шақырған

 

Степногорск тұрғыны Желіде терроризмді насихаттап үндеу тастаған, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментіне сілтеп Stan.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, 26 жастағы қыз он жасынан бері психиатр дәрігердің тіркеуінде тұр екен.

Күдікті 2014 жылдан бастап сот экстремистік деп танып, Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салған “Ат-Такфир уаль-Хиджра” діни ұйымының идеологиясын терең меңгере бастаған.

Аталған діни ағымға әбден берілген қыз әлеуметтік желіде терроризмді жақтайтын материалдар таратып, жұртты теракт жасауға шақырған. Ол үшін желіде ойдан шығарылған әртүрлі есімдерді пайдаланыпты.

Қазір ол психиатриялық ауруханада ем алып жатыр. Полиция қылмыстық істі тоқтатып, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындау үшін деректерді сотқа жіберді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін