"Бүгін 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасайды", — делінген Ақорданың хабарламасында.
Осыған дейін Ақорда Tengrinews.kz тілшісінің Мемлекет басшысының алдағы жоспарлары жайлы сұрағына жауап бере отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.