Ақпанда ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпанда ауа райы қандай болады?

Ақпанда ауа райы қандай болады?

Ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары келуіне байланысты болады.

  • 1 Ақпан 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейге жуық, батыста, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі өңірлерінде қалыпты деңгейден артық болуы мүмкін.

"Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде аяз және аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Ал республиканың батысында батыс және оңтүстік циклондар әсерінен жаңбыр мен қар жауады, секундына 20 метрге дейін жел күшейіп, тұман және көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін", — делінген хабарламада.

Содан кейін циклон солтүстік-шығыс бағытта қозғалуына байланысты елдің қалған бөлігінде жауын-шашын жауып, жел тұрады.

Температура

Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасы жоғарылайды.

"Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20 градустан -5-13 градусқа дейін, күндіз -5-15 градустан 0-8 градусқа дейін болады. Республиканың шығысында температура түнде -18-23 градустан -12-17 градусқа дейін, солтүстік-шығыста -28-33 градустан -20 градусқа дейін, күндіз -10-15 градустан -5-10 градусқа дейін көтеріледі", — деді мамандар.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде барикалық түзілімдер ауысуына байланысты ауа райы тұрақсыз болып, екпінді жел тұрып, жауын-шашын жауады. Еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында жауын-шашын, боран, оңтүстігінде кейбір күндері шаңды дауыл болады.


"Шығыс Сібір аудандарынан келетін суық антициклон әсерінен температура төмендеуі мүмкін: батыста және солтүстік-батыста түнде 22 градусқа дейін, күндіз 10 градусқа дейін; солтүстік жартысында түнде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 18 градусқа дейін; оңтүстік жартысында түнде 15 градусқа дейін аяз, күндіз 3 градусқа дейін жылы болады", — деді Қазгидромет өкілі.

Кейбір күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары келіп, ауа температурасы: батыста түнде -5 градусқа дейін, күндіз +8-ге дейін; солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -10 градусқа дейін, күндіз +3 градусқа дейін; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5 градусқа дейін болып, күндіз +12 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар