Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ШЫҰ іс-шараларының жоспарын Бішкек саммитінде қабылдау жоспарланған - ұйым бас хатшысының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ШЫҰ іс-шараларының жоспарын Бішкек саммитінде қабылдау жоспарланған - ұйым бас хатшысының орынбасары

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ШЫҰ іс-шараларының жоспарын Бішкек саммитінде қабылдау жоспарланған - ұйым бас хатшысының орынбасары

АЛМАТЫ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іс-шараларының жоспарын тамыз айында Бішкекте өтетін саммитте қабылдау жоспарланған. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының екінші форумының ашылуында ұйым бас хатшысының орынбасары Владимир Захаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер қазір ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жоспарын талқылауда. Ол іс жүзінде дайын болды. Біз тиісті шешімді мемлекет басшылары 16-тамызда Бішкекте қабылдайды деп күтіп отырмыз»,- деді В.Захаров. «Бұл жоспар қылмыстық және лаңкестік сипаттағы қатерлерге қарсы тұруға бағытталған», деді ол.

«Байланыстың барлық түрлері қарқынды дамған қазіргі ахуалда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың осалдығына қатысты тауқымет тіптен шиеленісе түсті»,- деді ұйым бас хатшысының орынбасары. Оның пікірінше, «сол себепті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде ақпараттық желілерді бұзуға жасалған әрекеттерге қарсы тұру тетігін ойластыру, барлық мемлекеттік және азаматтық құрылымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді үйлестіруге келісім жасалды».

«Өткен мерзімдегі ұйым іс-қызметіндегі ең негізгі басымдықтар бүкіл Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономика және әлеуметтік салалардағы интеграциялық құбылыстарды тереңдету болды»,- деді В.Захаров өзінің форумды ашып сөйлеген сөзінде.

Ол сонымен қатар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының екінші форумының бүгін — 15-маусым — атаулы күні өткізіліп отырғанын тілге тиек етті. «Бұл күні Шанхай ынтымақтастығы ұйымына 6 жыл толады»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті