«Бағдарлама 2006 жылы қабылданып, 2007 — 2009 жылдарға арналды, мемлекеттік бюджеттен 15 млрд теңге, жылына шамамен 5 млрд теңге бөлінуде», -деді Е. Дүрмағамбетов. Оның айтуынша, «бұл 15 млрд теңгенің 13 млрд теңгесі республикалық бюджеттен және 2 млрд теңгесі — жергілікті бюджеттен бөлінуде».
Оның айтуынша, «инвестициялардың басым бөлігі оқыту процессін ұйымдастыруға: республика аумағы бойынша 2512 класс жабдықтауға, осы кластарда сабақ үйрететін оқытушыларды дайындауға, әдістемелік оқулықтарды жасап бастырып, таратуға, сондай-ақ, ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі сертификат секілді баспа өнімдерін шығаруға жұмсалуда».
«Ал мәдени мұра порталына келсек, оны жасауға біз ақша жұмсаған жоқпыз», -деді агенттік өкілі. «Порталды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасауда, ол тегін жасалуда, бірақ ол келешекте оммерциялық сипатқа көшеді», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті