АҚШ әскерлері Азор аралдарындағы "Лажеш"әскери базасында қала бермек
АҚШ армиясы Атлант мұхитындағы Азор аралдарында португальдық «Лажеш» әскери-әуе базасын әрі қарай пайдалана бермек. Бұл туралы кеше Лиссабонда журналистерге АҚШ Қорғаныс министрі Леон Панетта мәлімдеді. |
«Біз үшін бұл әскери-әуе базасының маңызы зор, өйткені оның бірқатар маңызды мтратегиялық сипаты бар. Ол келешекте халықаралық аренада біз үшін маңызды фактор болып қалмақ», - дейді министр.
АҚШ билігі базаға қызмет көрсететін құрам санын және онда өткізілетін операциялар санын қысқартпақ.
Бұл шаралар АҚШ-қа алдағы он жылда 350 млн $-ға жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін