TDA мен Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы гранттық келісімге Бакуде TDA бас кеңесшісі Джеймс Вилверотер (James Wilverotter) мен Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев қол қойды.
«Грант қаржысы екі транскаспий құбырларының құрылыстарына техникалық және қаржылық мәселелерін бағалауға жұмсалады. Бірінші құбыр қазақстандық мұнайды Баку — Тбилиси — Джейхан құбырлары арқылы әлемдік нарыққа тасымалдауға арналады, ал екіншісі — Қазақстаннан және аймақтың басқа да елдерінен табиғи газды Еуропаға тасымалдауға негізделген»,- деп хабарлады Дж. Вилверотер.
Оның айтуынша, Еуропаның көмірсутегі ресурстарына деген мұқтаждығы өсіп келеді. «Және де біз ортаазиялық көмірсутегін жаңа транскаспий құбырымен әлемдік нарыққа тасымалдаудың куәсі болғымыз келеді. Бұл TDA-ның Әзербайжанға ұсынған барлық гранттарының ең үлкен сомасы, әрине бұл осы жобаның маңыздылығың куәсі және де біз оның жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлеміз»,- деді ол.
Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы басшысы өз кезегінде, аталмыш келісім энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әзербайжандық-америкалық келіссөздердің жалғасы болып табылатындығын атап өтті.
«Әзербайжан өзінің мұнайгаз секторын дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Әзербайжанның мұнайы мен көгілдір отыны Еуропаға тасымалдануда, және де бұл Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Біз осы бағыттағы өз жұмыстарымызды жалғастырамыз және ортаазиялық көмірсутегі ресурстарын әлемдік нарыққа тасымалдау үшін жағдай жасамақ ниеттеміз»,- деді Р. Абдуллаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті