АҚШ елшілігі ҚР кедендік бақылау агенттігі мен шекара қызметіне радиостанциялар партиясын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ елшілігі ҚР кедендік бақылау агенттігі мен шекара қызметіне радиостанциялар партиясын табыс етті

АҚШ елшілігі ҚР кедендік бақылау агенттігі мен шекара қызметіне радиостанциялар партиясын табыс етті

Бүгін, 24-ақпанда Алматыда АҚШ елшілігі ҚР шекара қызметі мен кедендік бақылау агенттігінің тексеру бекеттері мен шекаралық күзет бекеттерін қамтамасыз ету үшін ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радиостанциялар партиясын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Ақпан 2004
  • 710
Фото - Caravan.kz

АҚШ мемлекеттік департаментінің «Шекаралардағы қауіпсіздік және экспортты бақылау» бағдарламасы аясында елшілік ҰҚК-нің Шекара қызметі мен ҚР кедендік бақылау агенттігіне барлығы 769 дана «Моторола» көшпелі радиостанциясын табыс етті.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Ларри Нэппердің радиостанцияларды табыс ету рәсімінде атап көрсеткеніндей, бұл бағдарлама жұмыс істей бастағалы 3,5 жыл өткен. Осы мерзімде республиканың мемлекеттік шекарасын қорғауға міндетті мемлекеттік мекемелерге 5,8 млн. доллардың жабдықтары мен техникалары табыс етілген.
Соның ішінде 60 УАЗ автокөлігі, 29 «Нива», 2 «КамАЗ» жүк көлігі, 5 бірдей «Тойота» джипі, 1169 дана радиостанциялар мен 12 ретранслятор, шекаралық бекеттерге арналған модульдық үйлер кешені , 10 көшпелі және стационарлық «Трапискан» рентген-аппараттары берілді.
Л.Нэппердің айтуынша, АҚШ пен Қазақстан мүдделес елдер. Атап айтсақ, екі мемлекет те халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қару-жарақ пен ядролық материалдардың заңсыз саудасымен және оны тасымалдаумен, адам саудасымен күресіп келеді. Осыған байланысты мемлекеттік шекара қорғау қызметін аяғынан тік тұрғызу ісінде АҚШ Қазақстаннан көмек-жәрдемін аямайды деді елші.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Құсайын Беркалиевтің айтуына қарағанда, жаңа радиостанциялар еліміз үшін айрықша маңызды оңтүстік бағыттағы шекараларды күзететін бөлімшелерді жабдықтауға жіберіледі. Оның айтуынша, қазір ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінде радиобайланыс жүйесін 50 процентке дейін жаңалау талабы тұр.

Соңғы жаңалықтар