«Шал мен теңіз» туындысының авторы Эрнест Хемунгуэйдің үйін қалпына келтіру ісін бастағанын мәлімдеді, деп жазады24.kz.
1939 жылдан 1961 жылға дейін жазушы тұрған Финка Вихия иелігі Куба астанасы Гавананың маңайында орналасқан. Finca Vigia америкалық қоры Куба билігінен үйдің бастан-аяқ қалпына келтіруі үшін материалдарды АҚШ-тан әкелуге рұқсат алды. Аталған келісімге сенбі күні қол қойылып отыр, деп хабарлайды CNN телеарнасы.
Жобаға жазушы үйінің жанынан автордың мыңдаған құжаты, оның ішінде жеке хаттар мен шимай дәптерлерін жинап, қалпына келтіру мақсатында шеберхана салу да қарастырылған. Қор басшысы Мэри-Джо Адамстың мәліметінше, кубалық билікпен Хемингуэй иелігінде қалпына келтіру жұмыстары бойынша келіссөздер жүргізу 2005 жылы басталған болатын. Алайда АҚШ пен Кубаның қарым-қатынасы шиеленісіп, жобаның іске асуы мүмкін болмаған еді.
2014 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті Барак Обама Кубамен дипломатиялық қарым-қатынасын, сондай-ақ саудадағы шектеулерді жеңілдетіп, қалпына келтіретіндігін мәлімдеген. Бұдан кейін жоба екіжақты қолдауға ие болды. Жазушының жесірі кітаптар, киімдер, тіпті спирттелген кесірткелер топтамасы орналасатын мұражай жасап шығу үшін үйді Куба билігіне беріп отыр.