АҚШ Корея республикасына қосымша әскер мен әскери техника жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Корея республикасына қосымша әскер мен әскери техника жібереді

АҚШ Корея республикасына қосымша әскер мен әскери техника жібереді

АҚШ Корея республикасына қосымша әскер мен әскери техника жібереді.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 264
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Пентагонның ресми өкілі Стивен Уоррен мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Аталған шаралар бұрыннан бері жоспарда болған. Бұл Корея түбегіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты біздің мақсатымыздан туындап отыр», — деді Уоррен.
Ақпан айында шамамен 800 әскери қызметкерді 9 айға Корея республикасына аттандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар М1А «Абрамс» танктері мен әскери техниканың 40 бірлігін жіберу көзделуде.
Сарапшылардың атап көрсеткеніндей, бұл қадамдар АҚШ-тың әскери векторының Ауғанстан мен Ирактан Шығыс Азияға бет бұрудың аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Корея республикасына шамамен 28 мыңға тарта АҚШ әскерилері орналасқан.