АҚШ-тың Сирияға қарсы әскери операциясына кем дегенде 10 мемлекет қатысуға дайын, деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Джен Псаки.
Бұл туралы халықаралық істер жөніндегі комитет отырысында мемлекеттік хатшы Джон Керри мәлімдеген болатын.
Дж.Псаки бұл ақпарды растады, бірақ операцияға қатысқысы келетін елдердің тізімін жариялаудан бас тартты.
Сонымен қатар, оның ойынша, бұл жерде тек әскери ғана емес, басқалай көмек көрсеткісі келетін елдер де аталған болуы мүмкін.
Қай елдер бұл операцияны ашық қолдады деген сұраққа Дж.Псаки «Австралия, Албания, Канада, Дания, Франция, Польша, Румыния, Түркия мен Косово» деп жауап берді.