АҚШ Қазақстанның адам саудасымен күрес шараларын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстанның адам саудасымен күрес шараларын қолдайды

АҚШ Қазақстанның адам саудасымен күрес шараларын қолдайды

АҚШ әкімшілігі Конгресске хабарландыру хат жолдап, онда ішінде Қазақстан да бар 10 мемлекеттің "адам саудасымен күресте едәуір маңызды қадамдар жасағаны" туралы атап көрсетті. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінен таратылған хабарламада айтылған.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бұл ондыққа Қазақстанмен қатар Белиз, Босния және Герцеговина, Доминикан Республикасы, Грузия, Греция, Гаити, Суринам, Түркия және Өзбекстан қамтылған.

Ақ үйдің құжатында атап көрсетілгеніндей, бұл елдерге «АҚШ Мемлекеттік департаменті 2003-жылдың маусым айында жариялаған адам саудасы туралы Баяндамада атап көрсетілген проблемаларға жедел үндестік танытқаны үшін» ризашылық танытылады. Аталмыш елдердің үкіметтері тарапынан жасалған маңызды қадамдардың арқасында 2000-жылы қабылданған «Адам саудасы құрбандарын қорғау жөніндегі заң» бойынша жүктелуі мүмкін санкциялардан құтылды.
«Адам саудасының алдын алуға бағытталған шаралар дүниежүзіндегі осынау жиіркенішті қылмыс құрбандарын қорғап, қылмыскерлерге жаза жүктеуге түрткі болмақ»,- делінген құжатта.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде жасырын адам саудасына қарсы нақты шаралар жоспарын жасау жөніндегі мекемеаралық комиссия құрылған. Заңсыз адам саудасымен күрес мәселелері бойынша ҚР үкіметінің Ұлттық үйлестірушісі болып ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков тағайындалды. ҚР ІІМ-нің қоғамдық қауіпсіздік департаментінің құрамында заңсыз траффик құрбанына айналған әйелдерді қорғау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөлім құрылды. Халықаралық көші-қон ұйымының жанында Қазақстандағы траффик құрбандарын қорғау және реабилитациялау мәселелерімен айналысатын «Забота» атты дағдарыс орталығы жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасының шетелдердегі барлық дипломатиялық және консулдық қызметтеріне заңсыз траффик құрбандарына қолдау көрсетіп, заңсыз адам саудасына қатысты деректерді әшкерелеу және кінәлі адамдарды жазаға тарту мәселесі бойынша өздері орын тепкен елдердің құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу туралы нұсқау берілген. Қазақстанда сондай-ақ, адам саудасы мен оларды елден заңсыз шығауға жол бермеуге қатысты заң жобалау жұмыстары жүзеге асырылды.
Ақ үйдің мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын дүниежүзінде 900 мыңға дейін адам мәжбүрлеп еңбекке тарту, жыныстық эксплуатация тәрізді қазіргі заманғы құлдық түрлері бойынша халықаралық шекаралардан өтеді.

Соңғы жаңалықтар