АҚШ ресми Дамаск химиялық қаруды тапсыру жөніндегі келісімді орындамаса әскери күш қолданудан бас тартпайды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри осылай деп мәлімдеді.
«Американ-Ресей келісімін орындау Сирия үшін өте маңызды. Олай болмаған жағдайда әскери күш қолдану қаупі сақталып қалады. Біз халықаралық мәселелер жайлы сөз болғанда сөзімізді далаға тастай алмаймыз», — деді ол Иерусалимде осы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен өткізген баспасөз мәслихатында.
«Көңілдерің қалып жүрмесін, біз айтылған шаралардан бас тартпаймыз. Өйткені, мемлекеттің өз халқына қарсы химиялық қару қолданғаны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны болып табылады. Мұнымен келісуге болмайды», — деді Дж.Керри.