АҚШ Сенаты Құрама Штаттардың Сирияны соққылауына рұқсат беру туралы қарарды дауысқа салу процесін кейінге қалдырды.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сенаттағы көпшілік жетекшісі Гарри Рид әлемдік қоғамдастық Сирияның химиялық қаруына қатысты нақты шешім қабылдамай тұрып бұл мәселені дауысқа салу дұрыс емес деп мәлімдеді.