АҚШ Солтүстік Корея лидеріне санкция салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Солтүстік Корея лидеріне санкция салды

АҚШ Солтүстік Корея лидеріне санкция салды

АҚШ алғаш рет Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен ондаған солтүстік кореялық шенеунікке санкция салды. АҚШ Солтүстік Корея лидері мен шенеуніктеріне адам құқығын бұзды, сот өткізбей адамдарды дарға асты, адамдары еріксіз жұмысқа шекті деген айыптар таққан.

  • 7 Шiлде 2016
  • 465
Фото - Caravan.kz

АҚШ мемлекеттік департаментінің жариялаған есебінде жиырмаға жуық солтүстік кореялыұ шенеуніктің есімі аталып, олардың еңбек лагерьлерін құрғаны туралы және басқа да қылмыстар жасағаны жайлы деректер көрсетілген, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Осыған дейін АҚШ Белорусь президенті Александр Лукашенко мен Сирия басшысы Башар Асадқа санкция салған. Ким Чен Ын санкцияға алғаш рет ілінді.