АҚШ түрмелерінде жеті қазақстандық жазасын өтеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ түрмелерінде жеті қазақстандық жазасын өтеп жатыр

АҚШ түрмелерінде жеті қазақстандық жазасын өтеп жатыр

АҚШ түзету мекемелерінде жеті қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Астанадағы Америка Елшілігі хабарлады.

  • 22 Тамыз 2016
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бірақ, тұтқындардың аты-жөні, қандай бап бойынша отырғаны, не үшін жазаланғаны туралы толық мәлімет туралы Елшілік жауап бере алмады, себебі бұл жеке-дара құпия ақпарат болып табылады.

 Сонымен бірге, тамыз айының басында АҚШ Президенті Барак Обама түрлі қылмыспен сотталған 214 тұтқынның жаза өтеу мерзімін қысқартқан еді. Американдық Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл тізімде қазақстандық тұтқындар жоқ.

«Қазіргі уақытта АҚШ түрмелерінде Қазақстанның жеті азаматы отыр. Президент Обаманың жарлығымен жаза өтеу мерзімі қысқарған тұтқындардың есімі онлайн түрде қолжетімді, алайда оның ешқайсысы Қазақстан азаматы емес. АҚШ пен Қазақстан өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау саласында бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырады», — делінген елшіліктің ҚазАқпаратқа жазған хатында. 


Соңғы жаңалықтар