АҚШ-та мерзімді өтіп кеткен азық-түліктер дүкені ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та мерзімді өтіп кеткен азық-түліктер дүкені ашылады

АҚШ-та мерзімді өтіп кеткен азық-түліктер дүкені ашылады

АҚШ-та келесі жылдың басында мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді сататын дүкен ашылады, деп хабарлады Би-Би-си.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұл эксперименттің бастамашысы кәсіпкер Дуг Раух мерзімі өтіп кетсе де жеуге болатын кемінде бес азық-түлік түрі бар деп санайды. Әңгіме жүгері чипсы, шоколад, жұмыртқа, йогурт және сүт жөнінде болып отыр. Статистика бойынша, бір ғана АҚШ-тың өзінде жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты азық-түлік өнімдерінің 40 пайызы лақтырылады.

Мамандардың айтуынша, орамдағы көрсетілген жарамдылық мерзімі, одан кейін денсаулыққа мүлдем қауіпті дегенді білдірмейді, дәмі ғана бұрынғыға қарағанда шамалы болуы мүмкін.