Компания мәліметінше, АҚШ Федералдық резерв жүйесі, АҚШ Қазынашылық мекемесі, АҚШ гравировка және мөр-таңба бюросы, АҚШ құпия қызметінің ресми өкілдері Линкольн резиденциясының базарлықтар сататын дүкенінде жаңа бес долларлық купюра айналымға шығарылғанын жария етті.
Жаңа үлгідегі бес долларлық купюрада бұрынғыдай президент Линкольн бейнелеген. Жаңа бес долларлық қағаз ақшада кассирлер үшін де, қарапайым азаматтар үшін де қолдануға оңай заманауи қорғаныс элементтері бар.
Жаңа үлгідегі бес долларлық купюра алдымен АҚШ-та айналымға шығарылып, артынан біртіндеп, халықаралық банктерден Федералдық резерв жүйесіне тапсырыстар келген кезде басқа елдерде таралады.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттар бірдей төлем құралы ретінде пайдаланылып, толық номинал құнын сақтап қалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті