АҚШ-та жеткіншек балалар ұшақты айдап әкетіп, апатқа ұшырады
1 қаңтарда Американың Алабама штатында жеңіл моторлы Piper PA 30 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Associated Press. |
Бортта болған барлық үш адам қаза болды. Билік органдары оқиғаның себептерін анықтаумен айналысуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесін «ұшып қайту» ниетімен үш жеткіншек айдап кеткен.
Төтенше жағдай Джаспен елді мекеніне жақын жердегі орман алқабында орын алды. Мерт болғандардың есімдері жарияланбай отыр. Түсіп жатқан мәліметтер бойынша, оқиғаның қайғылы аяқталуына қолайсыз ауа райы себеп болды. 1 қаңтар күні Алабама штатында күн бұлтты болды. Полициядан мәлім еткендей, пилоттардың бірінде моторлы ұшақты жүргізу тәжірибесі болған. Бұл жолы оның қолында екімоторлы ұшу аппараты болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін