полицейлермен атыста қаза тапқан адамның өмірбаяны егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр.
CBS телеарнасының берген ақпараты бойынша 34 жастағы Аарон Алексис ВМС-тың авиациялық құрылымдарына қызмет көрсететін электрші болып істеген.
Полицияның мәліметіне қарағанда, атысқандар үшеу болған, олардың біреуі оққа ұшты. Шабуыл жасаған тағы екі күдіктіні іздеу жүргізіліп жатыр. Алексистан басқа базаға жасалған шабуыл барысында 12 адам мерт болды. Вашингтон мэрі Винсент Грэйдің айтуынша, олардың мәйіттері әлі танылған жоқ.
База аумағына Алексис жалған құжаттармен кірген. Полицейлер одан Ролли Чанс деген бейтаныс атпен жасалған төлқұжатты тапты. Ал ол болса бір жылдан бері демалыста жүрген көрінеді.
АҚШ-тың ВМС нысанында болған атыста кем дегенде 12 адам құрбан болды . «Қылмыстың себебі әлі белгісіз»,
деп мәлімдеді журналистерге Вашингтон мэрі Винсент Грэй. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Вашингтон полициясы осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген екі күдіктіні тапқанша азаматтарды үйлерінде қалуға шақырады.
Осыған дейін хабарланғандай, АҚШ полициясы атысты бастаған екі адамды ұстады. Олардың біреуі мерт болды. Деректерге қарағанда, атысты кем дегенде үш адам бастаған.
Оқ атылған ғимаратта шамамен үш мың адам жұмыс істеуде. Оқиға орнына Вашингтон полиция күштері тартылған.