АҚШ-тағы торнадодан 21 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тағы торнадодан 21 адам қаза болды

АҚШ-тағы торнадодан 21 адам қаза болды

Дүйсенбі күні Американың Алабама мен Миссисипи штаттарынан құйындатып өткен торнадодан кемінде тағы төрт адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

  • 29 Сәуiр 2014
  • 374
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, Алабаманың Лаймстоун округінде торнадодан үш адам зардап шексе, көршілес Миссисипи штатындағы Тупело қаласында тағы бір адамның өмірі қиылды. Бірақ әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Сонымен, БАҚ мәліметтеріне сүйене отырып, өткен аптаның соңынан бері АҚШ-та өткен торнадо салдарынан 21 адам қаза болды. Миссисипи мен Солтүстік Каролинаның төрт округінде төтенше жағдай режимі жарияланды. Тағы бірнеше оңтүстік штаттар үшін қауіп әлі де бар.