Жарияланды: 1600

Ақсу ферроқорытпа зауытының хром қоспаларын өндіру цехында газ қалдықтарды тазарту жолға қойылды

Ақсу ферроқорытпа зауытының хром қоспаларын балқытумен шұғылданатын №6 цехында аспирациялық қалдықтар құрамын газдан тазарту жолға қойылды. Бұл шаң-тозаң қалдықтар мөлшерін жыл сайын 120 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінен хабарлады.

№6 цехтың аспирациялық қалдықтарын газдан тазарту құрылғысын реконструкциялау жұмыстары №61, 62 және 63 пештер күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін 2003-жылы басталған. Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, газ тазарту жұмыстары 1996-жылы тоқтатылып, содан бері цехта тек желдеткіш қондырғылар ғана жұмыс істеді. №6 цехтың аспирациялық қалдықтарын газдан тазарту құрылғысын реконструкциялау жұмыстары зауытта жүзеге асырылып жатқан табиғат қорғау бағдарламасы аясында атқарылып отыр. "Экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық ИСО 14000 стандартына сәйкестілік сертификатына Ақсу ферроқорытпа зауыты 2002-жылы ие болған. Бұл - кәсіпорыннан табиғат қорғау саласы бойынша экологиялық ахуалды біртіндеп жақсарта түсуді талап етеді",- дейді баспасөз қызметіндегілер. Зауыттағы табиғат қорғау саласындағы бағдарламалар тастанды газдарды азайтуға, қалдықтар мөлшерін кемітуге және оларды өңдеу тиімділігін арттыруға бағытталады. Биыл Ақсу ферроқорытпа зауыты табиғат қорғау мақсаына 1 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Ал 2003-жылы бұл салаға 664,2 млн. теңге бөлінген. Ақсу ферроқорытпа зауыты 1968-жылы пайдалануға берілген. Зауытта шығарылған ферроқорытпалар Еуропа мен Американың металлургиялық кәсіпорындарында жоғары сапалы болат маркаларын өндіруде пайдаланылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін