Жарияланды: 630

Ақтау айлағына Ресейдің екі кемесі бейресми сапармен келді

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтау айлағына Ресейдің екі кемесі - зымыранды "Татарстан" және гидрографиялық "Анатолий Гужвин" кемелері бейресми сапармен келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, делегацияны вице-адмирал, Каспий флотилиясының командирі Виктор Кравчук басқарады. Сапар мақсаты - Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флоты мен Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері арасында әскери ынтымақтастықты дамыту. Делегацияны Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері қолбасшысыынң міндетін уақытша атқарушы, бірінші рангы бар капитан Абылай Лекеров күтіп алды. Ресейдің екі кемесі Ақтауда 30 қыркүйекке дейін болады. Осы мерзімде олар Ақтаудың көрікті жерлерін аралап, ресейлік және қазақстандық теңізшілер арасында спорттық сайыстар өтеді, өкілдер құрамында келген Каспий флотилиясы оркестрі музыкалық дефилесін ұсынса, әскери-теңіз институтында оқитын Қазақстандық курсанттар Ресей кемелерінің жабдықталуы мен техникалық сипаттамаларымен танысады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін