Ақтау әуежайында 46 жастағы әйел қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау әуежайында 46 жастағы әйел қайтыс болды

Ақтау әуежайында 46 жастағы әйел қайтыс болды

11 маусым күні кешке Ақтау қаласының халықаралық әуежайында 46 жастағы әйел қайтыс болды.

  • 12 Маусым 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz

Жедел жәрдем қызметінің мәліметтерінше, әйел дерттің ауыр түрі — төртінші дәрежедегі бауыр циррозына шалдыққан, деп хабарлайды lada.kz.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің баяндауынша, 11 маусым күні кешкі сағат 20-да диспетчерге Ақтау-Баку рейсінің жолаушысы өзін нашар сезінгені туралы хабарлама келіп түскен. Медициналық көрсеткіштер бойынша, әйелдің ұшуына рұқсат берілмеді. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмған.

«Қайтыс болған әйел (Ақтау қаласының тұрғыны) онкологиялық дертке шалдыққан. Мұндай диагноз қойылған адамдарға ұшақпен ұшуға тыйым салынған, бірақ әйел оған қарамастан еліне кетпекші болды. Әуежай қызметкерлері оның ұшаққа отыруына рұқсат бермеді. Әуе кемесі сағат 20:30-да ұшып кетті, сегіз минуттан соң әйел оқиға орнында жан тәсілім етті», — деді жедел жәрдем қызметкерлері.