Олар тиісті құжаттарды қолдан жасап, 414 мың теңге көлеміндегі кедендік төлемдерді төлемей контрабандалық жолмен өткізген.
«Жиылған материалдарда ҚР ҚК 209 бабы 1 тармағында көрсетілген (контрабанда) заңбұзушылықтың орын алғанын дәлелдейтін айғақтар бар. Осыны негізге алған департамент қызметкерлері ірі көлемдегі экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайын ашып, оған қатысы бар тұлғаларды анықтайтын тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің сараптама және статистика бөлімінің басшысы Мақсат Ақмұратов.