Ақтау қаласын ит пен құстың өлексесі басып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау қаласын ит пен құстың өлексесі басып барады

Ақтау қаласын ит пен құстың өлексесі басып барады

Таяуда қала тұрғыны теңіз жағасында өртелген үй хайуанаттарын ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды деп хабарлады 24.кз.&

  • 13 Қаңтар 2017
  • 530
Фото - Caravan.kz

Таяуда қала тұрғыны теңіз жағасында өртелген үй хайуанаттарын ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды деп хабарлады 24.кз. 

Құзырлы органдар мұндай сорақы іске кімнің дәті барғанын анықтауға кірісті. Сондай-ақ, Каспий жағалауынан жансыз екі аққудың табылуы да жұртты алаңдатып отыр. Құс төресінің неден өлгені әзірге белгісіз. Эколог мамандар аққу балапандарының өліміне уланудан бөлек жұқпалы аурулардың да түрткі болуын жоққа шығармайды.

— Екі аққудың денесі табылып, инспекцияға әкелініп, біздің мамандар тексерді. Осы бойынша Ақтау қалалық ветеринариялық станциясына хабарланды. Аймақтық инспекция осы аққулардан алынған сынамалардың қорытындысын күтеді. Содан соң қандай жағдайда өлгені қосымша хабарланады,- дейді өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ғаббас Досатов.

— Ит пен мысықты теңіз жағасында өртеу бойынша фактілерді біз газеттен, әлеуметтік желіден оқып отырмыз. Кез-келген жерге тастауға болмайды. Ауру шығып кету қаупі бар. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда біз Әкімшілік кодекстің 406-бабы бойынша жауапқа тартамыз, деді Мемлекеттік ветеринариялық инспекция комитеті Ақтау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Есімғали Сынабаев.


Соңғы жаңалықтар