Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған ер адам өзі де зорлықтың құрбаны болған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған ер адам өзі де зорлықтың құрбаны болған

Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған ер адам өзі де зорлықтың құрбаны болған

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам кінәсін мойындады, алайда кейін қорғаушысына мұны көрсетілген қысым салдарынан жасағанын айтты.

  • 8 Қазан 2016
  • 611
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, оның есі дұрыс екені анықталды. Бұл туралы 31 арнаға күдіктінің адвокаты Намиг Велиев айтты.

Белгілі болғандай, ер адамның өзі де зорлықтан жапа шеккен. Ол кішкентай кезінде шизофрениямен ауыратын ағасы қорлағанын айтты.

Қазір ер адам 32 жаста. Оның әйелі және бес жасар ұлы бар. Қамауға алынғанға дейін ол жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан.

Еске сала кетейік, 6 жасар қыз әлі ес-түссіз жатыр.  Оны елорданың үздік мамандары емдеуде, алайда қыздың халі ауыр. Қыздың туыстары Үндістанның мамандарына зор үміт артып отыр. Алайда емнің бұл түрі  медицинада мойындалмаған және ол Қазақстанда тіркелмеген.