Ақтауда баланың төбесіне теледидар тастап жіберген тұрғын түрмеден құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда баланың төбесіне теледидар тастап жіберген тұрғын түрмеден құтылды

Ақтауда баланың төбесіне теледидар тастап жіберген тұрғын түрмеден құтылды

Ақтауда 4 жасар баланың төбесінен теледидар тастап жіберген тұрғын да жеңіл жазамен құтылды. Сот оған бар жоғы 2 жыл шартты жаза кесті. Бұдан өзге Евгений Халан зардап шеккен бүлдіршіннің отбасына 6 миллион теңге өтемақы төлеуі керек.

  • 30 Мамыр 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz

Оқиға былтыр тамыз айында болған. 4 жасар Ислам Қатаев үй ауласында ойнап жүргенде, төбесіне 10-шы қабаттан лақтырылған теледидар түседі. Басынан ауыр жарақат алған бүлдіршін ақыры мүгедек болып қалды. Көру қабілеті нашарлап, денесінің бір бөлігі қозғалмайды. Ал бассыз әрекетімен баланы жарымжан кеткен тұрғын соттың бұл үкімімен де келіспей отыр.