Ақтауда белгісіз ұшақ тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда белгісіз ұшақ тұрғындарды шошытты

Ақтауда белгісіз ұшақ тұрғындарды шошытты

Бірнеше жүк көлігіне тиелген әуе техникасы Ақтау жұртын біраз үрейлендіріп тастады. Сайын даламен тасымалданған ерекше жүкті куәгерлер суретке түсіріп алған. Қазір бұл әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі.

  • 25 Қазан 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz


14 жүк көлігінен тұратын екі ұшақты тиеген колоннаны біреулер Ауғанстаннан бет алған қару-жарақ десе, енді бірі құпия қаруға балады. Елді дүрліктіріп жүрген кеденшілер тек бүгін істің барысын баяндады. Бақсақ бұл Ташкенттегі зауытта құрастырылып, Ресейдің Таганрог қаласына жөнелтілген ұшақтар екен. Жақын уақытта Каспийдегі Боутино порты арқылы көрші елге жіберілмек.