Ақтауда еңбекақы төлеуді талап еткен жұмысшылар «Назарбаев зияткерлік мектебінің» құрылысын уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда еңбекақы төлеуді талап еткен жұмысшылар «Назарбаев зияткерлік мектебінің» құрылысын уақытша тоқтатты

Ақтауда еңбекақы төлеуді талап еткен жұмысшылар «Назарбаев зияткерлік мектебінің» құрылысын уақытша тоқтатты

Ақтауда бүгін "MST-строй" («МАГ» ЖШС-нің қосалқы мердігері) компаниясының жүзге жуығы қарсылық акциясына шықты.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі оқиға орнынан хабарлағандай, жұмысшылар былтырғы қарашадан бері төленбеген еңбекақысын талап етіп «Назарбаев зияткерлік мектебінің» құрылысын тоқтатты.

«Бізге уәде берумен келеді. «МАГ» компаниясының ақшасы бар дейді, бірақ олар неге екені белгісіз біздің компаниямызға ақша аудармайды. Егер таяу арада ақшамызды төлемесе, аштық жариялаймыз», — дейді қарсылық шарасына қатысушылардың бірі Еркін Бекешов.

Оның айтуынша, жұмысшылар прокуратураға шағым түсірмек, егер керек болса Астанаға дейін жетеміз деп отыр.


Құрылысшылар журналистермен қоршау арқылы тілдесуде. Құрылыс нысаны аумағынан оларды күзет жібермейді.