Ақтауда істен шыққан лифтінің азабын қариялар тартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда істен шыққан лифтінің азабын қариялар тартуда

Ақтауда істен шыққан лифтінің азабын қариялар тартуда

Ақтауда 9 қабатты тұрғын үйдің тұрғындары баспалдақ азабын тартып жүр. Лифтісі 16 жыл бұрын істен шықса да бұл көпқабатты содан бері шенеуніктер назарына іліккен емес.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 223
Фото - Caravan.kz


Орта таптағы жұрт пен зейнеткерлер қоныстанған үйдің адамдары себепсіз далаға шықпауға тырысады. Өйткені 9 қабатты үйдің лифтісі қызметін тоқтатқалы қашан. Баспалдақпен жаяу түсіп-шығу бұл үйдегі жұрттың жартысына алынбас қамалдай. 16 жыл бұрын бұзылған лифті қазір қаңырап тұр. Жөндейтін маманның саусақ ұшы да тимепті. Ақтаулық шенеуніктер болса жұртқа үнемі уәде беріп кетеді. Шуласа жуырда жасаймыз дейді, бірақ артынша үшті-күйлі жоғалатын көрінеді. Ал жауаптылар қарап жатқан жоқпыз дейді. Соңғы жылдың өзінде қала бойынша 20 лифтіні жөндепті, тағы 80-ні кезегін күтіп тұрған көрінеді. Айта кетейік әр лифтіні жөндеп жасау 7 миллион теңге тұрады екен. 2018 жылға дейін аталмыш 9 қабатты үйдің лифтісін жөндейміз деген атқамінерлер ғайыптан ақша түссе одан ертерек елді азаптан құтқарамыз деп уәде етті.