Жарияланды: 20

Ақтауда кәріз құдығынан нәрестенің денесі табылды

Ақтауда кәріз құдығынан нәрестенің денесі табылды

Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ақтау қаласында кәріз құдығынан табылған нәрестенің денесіне қатысты полиция түсініктеме берді.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бастапқы деректер бойынша, шарана үш-төрт айлық болған.

Іштегі нәрестенің денесі 10 ақпанда кешкі 18:40 кезінде 1-ші шағын аудандағы кәріздің сорғы станциясынан табылған. Анасының кім екенін анықтау мүмкін емес, себебі кәріз құдығында бүкіл қаланың ақпасуы жинақталады.

"Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді. Ол ҚР ҚК 100-бабы бойынша (Нәрестені анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Полиция атап өткендей, қараша айында жұмысшылар мәйітін қоқыстан тауып алған сәбидің анасының кім екені анықталмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть