Екуі де Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер әзірге олардың жағдайын нақты бағалай алмай отыр, деп хабарлайды lada.kz.
Жол полициясының қызметкерлері жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан балаларды «Нива Шевроле» көлігі қағып кеткенін айтты. Жол-көлік оқиғасына кінәлі көлік жүргізушісі түсініктеме беру үшін қалалық ІІБ-на жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, соққыдан балалардың бірі бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Сол кезде жақын жерде кетіп бара жатқан санитарлық авиация бөлімшесінің жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Олар зардап шеккендерді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізді.
«Қазіргі кезде екі бала да жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Әзірге оларға нақты диагноз қойған жоқпыз, тексеруде. Сүйектері сынбағанымен, жабық бас-ми жарақаты бар деп шамалап отырмыз. Қазіргі кезде зардап шеккендерді «дәрілік ұйқыға» жібердік. Олардың жағдайы туралы толық қаралғаннан кейін айтуға болады», — деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсақанов.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың бірі 12 жаста, Ақтау қаласында тұрады. Зардап шеккен екінші бала 8 жаста, Оралдан жазғы демалысқа қонаққа келген.