Ақтауда кран мұнарасы діңгегінің сынуынан төрт адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда кран мұнарасы діңгегінің сынуынан төрт адам зардап шекті

Ақтауда кран мұнарасы діңгегінің сынуынан төрт адам зардап шекті

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтауда кран мұнарасы діңгегінің сынуынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Наурыз 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

ТЖМ хабарлағанындай, Ақтауда «Астана -Лашын» ЖШС құрылыс нысаны аумағында 3 наурызда 15 сағат 30 минутта кран мұнарасының биіктігін 15 метрге дейін көтеру кезінде (7 қабат) оның діңгегі сынып, тұрғын үйдің үстіне құлады. Соның салдарынан төрт адам зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Тұрғын үй бұзылмады, бірақ газ құбыры 15 сантиметрге(диаметр 20мм) дейін майысты. Құбырдан газ шыққан жоқ», — деп атап өтті ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті