Ақтауда "Mangystau Oil & Gas-2008" атты ІІІ Маңғыстау аймақтық көрмесі басталды
Ақтау. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтауда бүгін "Mangystau Oil & Gas-2008" атты ІІІ Маңғыстау аймақтық көрмесі басталды. Ол ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен "ҚазМұнайГаз" БарлауӨндіру" АҚ ресми қолдауымен өткізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, көрмеде Қазақстан, Польша, Ресей, АҚШ, Украина мен Францияның 50 астам компаниясы өз жаңалықтарын таныстырады.
Көрме ашылған бірінші күні 40 жуық келісім-шартына қол қойылған. "Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында мұнайгаз жобаларына Қазақстанның қатысу үлесін біз 30% - дан 70%-ға дейін жеткізіуіміз қажет", -деді Қ. Көшербаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін