Ақтауда пара алып жатқан дәрігер полицияны көргенде талып қала жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда пара алып жатқан дәрігер полицияны көргенде талып қала жаздады

Ақтауда пара алып жатқан дәрігер полицияны көргенде талып қала жаздады

Ал Ақтауда дәрігер сырқаттан пара алған. Облыстық аурухананың білдей бір бөлім бастығы ауыр халдегі науқасты квотамен Астанаға жіберу үшін одан 300 доллар ақы талап етіпті. 

  • 24 Сәуiр 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz


Кабинетіне сау етіп кірген қаржы полицейлерін көріп, ақ халаттының өзі тала жаздады. Алақанына жұққан ақ ұнтаққа қарамастан, «ақшаны алғаным жоқ» деп азар да безер. Сөйтсе, дәрігер параны бөлмесінің бұрыш-бұрышына тығып үлгерген екен. Жүрегі ауыратын қарияға онсыз да тиесілі квотаны сатпақ болған басшыны науқастың туыстары ұстап берген. Қазір дәрігерге қатысты іс қозғалып, ауруханадан біржолата қуылды.