Ақтауда «QDigitalInform» семинары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда «QDigitalInform» семинары өтеді

Ақтауда «QDigitalInform» семинары өтеді

Ағымдағы жылдың 11-12 желтоқсанында Ақтау қаласында қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «QdigitalInform» семинары өтеді.

  • 10 Желтоқсан 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Цифрлық әлемдегі соңғы жаңалықтар туралы сала қызметкерлері мен студенттерге «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақпараттық қоғамы Маңғыстау облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелер басқармасының бас маманы Гүлжанат Қайрадинова мен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы Цифрландыру Департаментінің талдаушысы Еркін Ақмамбетов айтып береді. —

Семинарды Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырады.

Анықтама үшін:


«QDigitalInform»-қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба.Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.

Соңғы жаңалықтар