Ал оның кімнен, қанша көлемде ақша алып, қызметін қалай пайдаланғаны әзірге айтылмай отыр. Қазір Амангелдиев уақытша тергеу абақтысына қамалған. Осыдан бір жарым жылдай бұрын қоластындағы қызметкерлерін бас көз демей балағаттағаны үшін осы шенеунікке қатаң сөгіс жарияланған болатын. Басшысының бейпіл сөзінен мезі болған 16 адам прокуратураға арызданған еді. Амангелдиев сол кезде прокурордың көзінше қызметкерлерін тағы бір сыбап алып, телефонын лақтырып жібергені есте. Бұл жолы енді адуынды шенеунік сөгіспен құтыла алмайтыны анық.