Ақтауда түрмені күзетіп тұрған сарбазға оқ атылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда түрмені күзетіп тұрған сарбазға оқ атылды

Ақтауда түрмені күзетіп тұрған сарбазға оқ атылды

Ақтау түрмесінде оқыс оқиға! Қарауылда тұрған жауынгерге автоматпен оқ атылды. Ішінен жарақат алған ол қазір ауруханада жатыр.

  • 16 Қазан 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Дереу ауруханаға жеткізілген сарбаздың денсаулығы қазір қатаң бақылауда. Атылған оқ денесін тіліп өтіп кеткен ішкі ағзаларын зақымдамапты. 21 жасар Әбілмансұр Мұқановтың өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал әскери бөлім басшылары бұның байқаусызда болған жайт екенін айтты. Яғни сарбаз абайсызда өз ішіне өзі оқ атып жіберген.


Хамит Қазенов, №6656 әскери бөлімінің командирі:

-Сарбаз тұрған жерде бақылау камералары бар. Жағдайдың қалай болғанын толық көрдік. Ол кезегі келгенде қаруды қолына алмақ болған, сол сәтте осындай оқыс жағдай болды.