«»Вакуна Джек» (Бермуды) әуекомпаниясының ұшағы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы ұшу барысында оң жақ қозғалтқышының ақауы салдарынан Ақтау әуежайында апатты жағдайда қонды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ұшақ бортында 8 адам, соның ішінде экипаждың 4 мүшесі мен Мәскеуге бара жатқан төрт адам болған. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлайды мекеме.
Ұшақ Ақтау әуежайында бір тәуліктей болып, техникалық ақау жойылған соң сәрсенбі күні кешке жолға шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті