Жарияланды: 130

Ақтауда жаппай төбелес болды

Ақтауда жаппай төбелес болды Сурет - Tengrinews.kz

Ақтауда жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай 4 тамызға қараған түні №4 ықшамауданда болған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Полицейлердің мәліметінше, 4 тамызға қараған түні Атырау қалалық полиция басқармасына жаппай төбелес болғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Екі ер адамның арасында жанжал шығып, нәтижесінде бірі пышақ алып шығып, екіншісін ұрып-соққаны анықталды.

Күдікті сол күні ұсталған. Ал екінші ер адамның облыстық ауруханаға жеткізілгені айтылады. Оған ота жасалды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Басылымның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін