Ақтауда жап-жаңа үй құлаудың алдында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жап-жаңа үй құлаудың алдында тұр

Ақтауда жап-жаңа үй құлаудың алдында тұр

Ақтауда төрт жыл бұрын ғана салынған үйлердің қабырғасы қақырап, құлаудың алдында тұр. Тұрғындардан маза кеткен. Олар баспанамыз қирап қала ма деп қорқады. Ал жергілікті билік жаңа үйдің апатты екенінен бейхабар болып шықты. Әлеуметтік желіден білдік деп аспаннан түскендей болып отыр.

  • 7 Шiлде 2017
  • 379
Фото - Caravan.kz

Баспалдақтары шайқалып, қабырғалары үңірейіп тұрған бұл үйлер 2013 жылы пайдалануға берілген. Сол кезде екі жүзден астам жас отбасы «қолжетімді баспанаға » ақыры қолымыз жетті-ау деп той жасады. Алайда қуаныштары ұзаққа созылған жоқ. Төрт-бес ай өтпей-ақ су жаңа баспананың шын жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Мына есіктің алды сынып тұр. Жаңбыр жауған күндері ағып кетеді. Төбеде су ағар жоқ", дейді қала тұрғыны Ибаш Әбдірова.

Ажырағанн сылақ пен сетінеген қабырғаны алғашында тұрғындар өз күштерімен қалыпқа келтірмек болған. Бірақ оларынан түк шықпапты. Жарықшақтардың үлкейгені сонша жамауға да жарамай қалды.

Сапасыз құрылыстың салдарымен күресуден шаршаған тұрғындар бар мәселені қала басшылығына жеткізген. 2015 жылы әкімнің өзі келіп, үйді қалыпқа келтіруге уәде беріпті. Бірақ содан кейін бұл аулаға әкім де, оның атшабарлары да аттап баспаған. Енді естімедік, көрмедік деп отыр.

"Ондай арыз-шағым келіп түскен жоқ. Халықтан суреттер келіп түсті. Қазір тапсырма беріп жөндеп жатырмыз", дейді Ақтау қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Маңғыстау Қойшығұлов.


Мердігер компанияның бас инженері Болат Қалымов та: "Осындай жағдайдың болып жатқанын кеше ғана білдік. Бастыққа кіріп бәрін түсіндіріп айттым. Жақын арада бәрін қалыпқа келтіреміз", деп отыр.

Мердігер компанияның мәрттігіне қайран қалмасқа болмас. Кепілдеме уақытының өтіп кеткеніне қарамастан барлық шығынды көтеріп, жағдайды қалыпқа келтіреміз деп ант су ішіп отыр. Айта кету керек, қазір еліміздің әр аймағында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бір ғана Маңғыстау облысында жыл басынан бері 320 мың шаршы метр баспана салынған. Мемлекеттік бағдарламамен үй салып жарысып жатқан шенеуніктер, сапаға да бір мезгіл көңіл бөлсе бүгінгідей жағдай болмас па еді? 

Соңғы жаңалықтар