Ақтауда жасөспірімнің басынан аяусыз тепкілеген бір топ оқушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жасөспірімнің басынан аяусыз тепкілеген бір топ оқушы ұсталды

Ақтауда жасөспірімнің басынан аяусыз тепкілеген бір топ оқушы ұсталды

Ақтауда жасөспірімнің басынан аяусыз тепкілеген бір топ оқушы ұсталды.

  • 7 Қазан 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға күндіз көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жанында болған.

Әуелі Instagram-ға салынып, артынша өшірілген бұл бейнекадрде бір оқушыны бір топ мектеп оқушысы тепкінің астына алғанын анық көруге болады. Ер баланы мектеп формасын киген 3 жігіт жерге жығып салып, үстіне секіріп, басынан асқан қатыгездікпен тепкілеген. Ал қалған 3 жігіт ажыратпай, керісінше қарап тұра берген.

Polisia.kz-тің
Telegram
-арнасында оқушылардың ұсталғаны жарияланды.

«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша СДТБТ-де тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушыларды ұстады», — делінген хабарламада.

Анықталғандай, жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқан.

 

Соңғы жаңалықтар