Ақтөбе әкімінің орынбасарлары өз табыстарын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе әкімінің орынбасарлары өз табыстарын жария етті

Ақтөбе әкімінің орынбасарлары өз табыстарын жария етті

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары өз табыстарын жария етті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2010 жылы Ақтөбе әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлованың табысы 1 770 213 теңгені құраған. Зейнетақы жинағы 2 050 024 теңгені құрайды. Оның Ақтөбеде Есет батыр көшесінде 3 бөлмелі пәтері және «Железнодорожник» бау-бақша ұжымында саяжай телімі бар.

Қала әкімінің орынбасары Ерхан Омаров 2010 жылы 1 362 335 теңге табыс тапқан, оның зейнетақы жинағы 808 517 теңгені құрайды. Ерхан Омаровтың 3 бөлмелі пәтері бар. Оның зайыбы Әсел Қуанышева жұмыс істемейді, оның атына 2007 жылғы «Lexus RX» көлігі тіркелген.

Әкімнің орынбасары Марат Тағымов 2010 жылы 1 828 422 теңге табыс тапқан. Оның зейнетақы жинағы 1 654 792 теңгені құрайды. М.Тағымовтың Ақтөбе қаласында Қалыбаев атындағы көшеде орналасқан үйі бар, ол үйде онымен бірге 7 адам тұрады. Сондай-ақ гаражы және «Майский» бау-бақша ұжымында саяжай учаскесі бар. Оның зайыбы Нурия Латыпова «Отын» ЖШС-інде заңгер болып жұмыс істейді. 2010 жылы оның табысы 813 484 теңгені құраған, зейнетақы жинағы — 598 182 тенге. Нурия Латыпованың атына 1999 жылғы «Опель-Астра» көлігі ресімделген.

Соңғы жаңалықтар