Жарияланды: 650

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы бір отбасында үш егіз нәресте дүниеге келіп, отбасына бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілетін болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Нұрлан Сейітқамалов осында үш бірдей егіз нәрестені дүниеге әкелген Нұрбаевтар отбасына бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер көрсетуге әуде берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

19-ақпанда аудан орталығы - Қандыағаш қаласының тұрғыны Мейрамгүл Нұрбаева салмақтары 2 килоны құрайтын торсық шеке екі ұл мен бір қыз баланы дүниеге әкелді. Әйел өзінің үш бірдей егіз бала көтеріп жүргенінен бейхабар болған. Нұрлан Сейітқамаловтың айтуынша, Мұғалжар ауданында бұрын-соңды үш егіз туылмаған. Осыған байланысты әкімшілік жас ата-ананы айрықша қамқорлыққа алуға шешім қабылдады. " 10 ай мерзіммен коммуналдық қызметтер төлемінен босатумен бірге Нұрбаевтар отбасы үшін балалардың бағым-күтіміне қолғабыс жасайтын әлеуметтік қызметкер тағайындамақпыз",- деді әкім. Аудандық әлеуметтік қорғау қызметі отбасының тұрғын үй ахуалын тексеріп көреді. "Қажетті жағдайда отбасына жеке пәтер бөлінеді",- деп сендірді аудан әкімі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін