Ақтөбе облысы Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын өткізуге толық дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын өткізуге толық дайын

Ақтөбе облысы Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын өткізуге толық дайын

Ақтөбе. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысы 21-22 қыркүйекте өтетін Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына толық дайын, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ішкі саясат депаратментінің төрағасы Константин Петровқа сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жағдаймен Ақтөбеге екі президенттің күзет қызметінің мамандары, Қазақстан мен Ресейдің көптеген өңірлерінің журналистері мен шараның абсқа да қатысушылары келіп жатыр. Жалпы алғанда Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы жайлы 70 жуық БАҚ ақпарат таратады»,- деді К.Петров.

Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, облыстық әкімдікте екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен қаладағы «Қоныс» спорт сарайында тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Хромтау ауданына барады деп күтілуде. Ақтөбеге 700-ден астам өкіл келмекші. Қазақстан , Ресей, Татарстан және Дағыстан президенттері, Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко келеді деп күтілуде.

Саммит күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауды 3 мыңнан астам құқық қорғау органы қызметкерлері қамтамасыз етеді. Ақтөбедегі қонақүйлер мен мейрамханалар шараға дайын екендіктерін мәлімдеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті