Ақтөбе облысында болған екі жол апаты салдарынан үш адам көз жұмып, екеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында  болған екі жол апаты  салдарынан үш адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

Ақтөбе облысында болған екі жол апаты салдарынан үш адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

АСТАНА. 9 сәуір . Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында болған екі жол апаты салдарынан үш адам көз жұмып, екеуі зардап шекті . Бұл жөнінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 462
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 сәуір күні Ақтөбеде «BMW» автокөлігінің жүргізушісі «Nissan» маркалы машинамен соқтығысқан. Соның салдарынан «BMW» көлігінің жолаушысы алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, «Nissan» автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, 9 сәуірде Хромтау-Әйтеке би тас жолының 10 шақырымында «Mitsubishi» автокөлігі аударылған. Жол апатынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті